Алматыда «Шапағат» ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 2 маусымда болған. Газ жарылысы салдарынан 1980 жылы салынған тұрғын үй опырылып түсті. Құтқарушылар үйінді арасынан ер адамның денесін тапты.

«Құрылыс заттарын бөлшектеу кезінде 1949 жылы туған азаматтың мәйіті табылды. Жедел штаб жұмысқа кірісті. Оқиғаның себептері мен мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында әкімдік, Төтенше жағдайлар департаменті, Құтқару қызметі, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының иттері бар құтқарушылар мен кинологтар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары да оқиға орнында. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!