KAZINFORM– Алматыда полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапты.

Қалалық полиция департаментінен мәлім еткендей, жанжал салдарынан пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Алматыдағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізілуде.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерінің қызметтен және жұмыс уақытынан тыс болған.

-ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!