KAZINFORM — Алматыда жеңіл көлік пен автокран соқтығысты. 109 құтқару қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 21:41-де 103 пультіне Саялы ықшамауданы Момышұлы көшесі, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының бойындағы көлік апаты туралы ақпарат түсті.

— Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың біреуі көлікте қысылып қалған. Сағат 22:10-да оқиға орнына 109 құтқару қызметінің құтқарушылары жетті. Олардың жедел және келісілген әрекеттерінің арқасында 22:18-де зардап шеккен адамдар арнайы техниканы қолданбай шығарылды. Құтқару жұмыстары жылдам аяқталды, — деп атап өтті 109 баспасөз қызметі.

Түрлі дене жарақатын алған үш адам жедел жәрдем бригадаларына тапсырылды. Олардың біреуі №7 қалалық клиникалық ауруханаға, екіншісі облыстық клиникалық ауруханаға, үшіншісі екінші балалар ауруханасына жеткізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!