Фото: видеодан скриншот

Алматыда жас жігітті ұрып, видеоға түсіргендер полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеода жас жігітті аяусыз сабап жатқандарды жазалауды талап етеді.

Оқиғаның Алматыда болғанын қаланың полиция департаменті растады.

“Видеодағы оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде. Толық мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша іс қозғалғанын департамент хабарламады. Тараған видеода ірілеу жігіттің жас баланы ұрып жатқанын көруге болады. Видеоға түсіргендер баланың “бетінен ұрма” деп айтып тұрғаны естіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!