Алматыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсан күні Алатау ауданында түнгі сағат 00:40-та болған.
«Жедел жәрдем бригадасының жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытқа қозғалып келе жатқан кезде бұрылуға әрекет жасаған сәтте, оңтүстік бағытта келе жатқан Kia автокөлігімен соқтығысты»,-делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен.
«Өкінішке қарай, 2002 жылы туған жедел жәрдем көлігінің жолаушысы бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Адам өліміне әкелген бұл жол апаты бойынша ДП-ның тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деді полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!