Алматыда тағы бір жолаушылар автобусы жол апатына себеп болды: ол алдымен бағдаршамда тұрған жеңіл көлікке соғылып, артынан ғимараттың қабырғасын бүлдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының полициясы редакциямызға оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі баяндап берді. Дереккөзге сүйенсек, жол апаты бүгін, таңғы сағат 06:15-те болған.

«Бүгін таңертең, сағат 06:15 шамасында Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы автобус Жандосов көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Яссауи көшесіне қарай солға бұрылған кезде Chevrolet Cobalt маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жеңіл көлік бағдаршамның жасыл шамын күтіп, Яссауи көшесі бойында оңтүстік бағытта тұрған. Осыдан кейін автобус қозғалысын жалғастырып, жол жиегіндегі ғимаратқа соғылған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлайды полиция.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасы қызметкерлері анықтап жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!