Фото: gov.kz / Денсаулық сақтау министрлігі
Алматыда әйел көлігімен үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Оқиға сағат 09:10-да қаланың Алмалы ауданында, Назарбаев даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында болған.
«Жол апаты салдарынан 1955 жылы туған жаяу жүргінші қайтыс болды. Кісі өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жасалып жатыр», – дейді ведомство.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!