SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының барахолкасында жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласты. Оқиға куәгерлерінің бірі болған жағдайды видеоға түсіріп алған.
Бейнежазба Krispastana Telegram-арнасында жарияланды. Кадрларда жолдың ортасында бір-біріне тап берген ер адамдар көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жол үстіндегі дау төбелеске айналған.
«Төбелес кезінде ер адамдардың бірі сөмкесінен пышақ шығарып, қарсыласына тап берген. Куәгерлер дереу араласып, қақтығыстың ушығып кетпеуіне тырысқан», — делінген хабарламада.
Алматы қалалық Полиция департаментінің берген түсініктемесінде бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын растады.
«Қақтығысқа қатысқандардың тұлғалары анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізілуде. Әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға тергеу нәтижесі бойынша беріледі», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция сондай-ақ азаматтарға кез келген жанжалды заң аясында шешу қажеттігін, ал агрессия мен күш қолдану – қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!