Шыңғыс Әрінов. Фото: akorda.kz

ТЖМ басшысы Тоқаевқа ведомствоның жер сілкінісі кезіндегі жұмысы туралы баяндады. Бұл туралы Facebook парақшасында Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыда болған жер сілкіністеріне байланысты ведомствоның жұмысы туралы баяндады.

«Қаладағы жағдай тыныш, барлық қызметтер бекітілген жоспарларға сәйкес нақты жұмыс істеп жатыр деді.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының мүддесі үшін Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін әкім Ерболат Досаевпен және барлық қалалық қызметтермен тығыз қарым-қатынасты жалғастыруды тапсырды», – деп жазды Берік Уәли.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!