Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта төтенше жағдай болып, апаттық сигнал басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға17 желтоқсан күні таңғы сағат 7:38-де Air Astana әуе компаниясының рейсінде болды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Airbus әуе кемесі салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал басты. Ұшақ сағат 7:40-та аман-есен жерге қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Көлік министрлігі әуе оқиғалары мен инциденттерін тергеу департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!