Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Кеше түнде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Іле өзенінің бойындағы «Алтын-Емел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағының аумағында қамыс пен бұталар жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт жалпы ауданы 2 гектар жерді шарпыды», – делінген хабарламада.
Өрт болған жерде Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және «Алтын-Емел» МҰТП жалпы саны 45 адам және 12 бірлік техникадан тұратын күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!