Фото: instagram.com/nayzakokshe
Жол апаты 22 тамызға қараған түні Есіл қаласында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жергілікті парақшаның хабарлауынша, опат болған жүргізуші 33 жаста, ал жолаушылар 18-23 жас аралығындағы тұрғындар.
«Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Ауданның 33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте езіліп қалды. 18-23 жас аралығындағы үш жолаушы әр жерге домалап құлады. Қаза тапқандардың үшеуі – қыз бала, оның бірі Ресейден әжесіне қонаққа келген», – делінген хабарламада.
Апатқа Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Осы жылдың 22 тамызында Есіл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полицияда.
Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!