Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бес адам зардап шекті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 28 қазанда сағат 9:03-те 32В шағынауданында «Әсия» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкер, 4 техника жіберілген.

Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс салдарынан үш ересек адам және екі бала зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!