Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында қайғылы жағдай болды. Жұмысшылардың бірі белгісіз жағдайда көз жұмған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның үстіне құбыр құлап кеткен. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

МАЭК кәсіпорны баспасөз қызметінің хабарлауынша, энергетикалық комбинатта ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, тергеу басталған.

Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!