Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 28 адам ауруханаға жеткізілген. Біршамасының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазіргі таңда көпрофильді клиникалық ауруханаға 26 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімінде сұрыптау жүргізіліп жатыр. Жеткізілгендердің 7-еуі ауыр жағдайда жансақтау бөілміне жатқызылды. ОБА-ға 11 және 16 жас аралығындағы 2 бала түсіп, жатқызылды», – деп хабарлады басқарма өкілдері.
Оқиға орнында 4 адамның денесі табылғаны айтылады.
Кейінірек ҚР ТЖМ өкілдері тірі қалғандардың саны 28 екенін, олардың екеуі бала екенін хабарлады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!