Фото: pixabay.com
Sputnik. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дон ауылында қайғылы оқиға болды. Үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөлікте 10 жасар мектеп оқушысы жанып кетті.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қыз бала көліктің ішінен шыға алмаған.
«Көрші үйдің бейнебақылау камераларындағы жазбадан, үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөліктен өздігінен өрт шыққаны анықталды. Көліктің ішінде болған 10 жастағы қыз бала қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!