Фото uralskweek.kz

Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап, қаза болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, бала небәрі 12-15 сантиметр тереңдіктегі суға құлап, тұншығып қалған. Оқиға Байғанин ауданындағы Ебейті ауылында 23 наурызда күндіз болған.

Аудан әкімдігі мәліметінше, еріген қар суы маңында екі бала ойнап жүрген. Судың тереңдігі небәрі 12-15 сантиметр болған, оған 4 жасар бала құлап, тұншығып қалған. Оны құтқару мүмкін болмаған.

Оның жанында тағы бір бала болған, ол аман-есен екені айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!