Фото: ort.com
Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.
Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адам батып кетті. Олар 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам.
Айта кетейік, ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.
Мәйіттерді іздеумен құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар айналысып, оларды судан шығарды.
ТЖД тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!