Фото: aktobe_zello instagram
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы аумағында тікұшақ құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпарат әлі де дайындалып жатқанын жеткізді. Ал әлеуметтік желіде құлаған тікұшақтың фотосы жарияланды.
Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы екі адамды қабылдауға дайындалып жатыр.
— Екі адамды қаладағы ауруханаға әкеле жатыр. Реаниматолог, травматолог және комбустиологтар қазір көпсалалы облыстық ауруханада күтір отыр. Жағдайы белгілі болған соң толық ақпарат беріледі, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша әуе кемесі Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені айтылды.
“Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ-8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды”, делінген ведомство хабарламасында.
Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!