Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
2024 жылғы 23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің аумағынан сарбаздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жас жігіт күзетте, кезекшілікте болған.
«23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқарып жүріп, бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады», – делінген Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!