Фото: t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысындағы Достық ауылында болған ірі өрт салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысында болған ірі өрт туралы ақпарат ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

«Оқиға осы түні Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде болған. Оқиға орнында өртті сөндіру барысында 1955 және 1958 жылы туған екі адамның денесі табылды», – делінген хабарламада.

ТЖД мамандары 90 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірген, өрт неден шыққаны анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!