Фото: Photo

Sputnik. Ақтөбеде екі бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Бірінші жағдай 6 мамырда болды. Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қараусыз қалған екі жасар бала бесінші қабаттан құлаған.

«Бала жансақтау бөлімінде, дәрігерлер оның жағдайын ауыр, ес-түссіз жатыр дейді. Бала басынан бірнеше жарақат алған, кеуде қуысы да зақымданған. Қазір бүлдіршін жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», – дейді ведомство

Ал екінші оқиға 7 мамырда тіркелді. Бес жасар бала үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап түсті. Ол да жансақтау бөлімінде жатыр. Бала Ақтөбеге Шалқардан қонаққа келген.

«Ол құлаған кезде ағаштар біраз сақтап қалған, бірақ жарақаттары ауыр. Балада кеуде қуысы жараланып, екі өкпесі зақымданған. Басынан да жараланған, қабырғалары сынған», – деп жазды портал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!