Sputnik. Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды, деп хабарлады 24KZ.

Бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болды. Үшінші жәбірленушінің жағдайы ауыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының полиция департаменті зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Кеше кешкі сағат 8-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!