15 шілдеде Ақтөбе қаласында жоспарлы оқу-жаттығу парашютпен секіру кезінде Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанты қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы ақпаратты аталған оқу орнының баспасөз қызметі таратты.
Алдын ала мәлімет бойынша, секіру кезінде курсанттың парашюті ашылмай қалған. Нәтижесінде ол ауыр жарақат алып,оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы марқұмның туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!