Ақтөбеде сегіз адам сушиден уланған. Зардап шеккендердің ішінде балалар да бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер қызу, құсу, диарея, іш ауруы секілді белгілерге шағымданған. Екеуін жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген.
«Бүгінде бұл науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық талдау жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы үйге суши, роллға тапсырыс берген», – деді Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансәуле Дәулетова.
Дәрігерлердің сөзінше, жалпы сегіз адам ауруханаға жүгінген. Олардың екеуі – бала.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!