Фото: видеодан скриншот
Ақтөбеде саяжай кооперативінде егде жастағы ерлі-зайыптылар үйлерімен бірге өртеніп кетті. Көршілерінің мәліметінше, зейнеткерлер мұнда ұзақ уақыттан бері тұрып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бау-бақша ұжымындағы үйдегі өртті көрген көршілері бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласқан. Бригада келгенше өртті өздері сөндіруге де тырысқан. Бірақ олардың шамасы жалынның алдын алуға келмеген. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен өртке оранған.
Үй түгелімен өртеніп кеткен. Өкінішке орай өрттен кейін зейнеткерлердің денелері табылды. Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.
“Осы үйден сегіз бірлік газ және оттегі баллондары алынды. Өрттің ықтимал себебі электр сымының пештен қысқа тұйықталуы болды”,- деді Ақтөбе қаласы ТЖБ Астана ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Данарбек Иманғазин.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!