Фото: видео кадры
Ақтөбеде учаскелік полицей суға секірген жасөспірім қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«3 маусымда полицияға Сазды өзенінің көпірінің астында бір қыздың отырғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жөнелтілді», деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.
Полицей оқиға орнына келген бойда суға секірген қызды көріп, көмекке ұмтылған. Жергілікті полиция қызметкері 13 жастағы қызды судан алып шықты. Дер кезінде жеткен әріптестері оны жағаға шығаруға көмектесті.
Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полиция қызметкерлері онымен бірге жасалған әрекеттің себебін анықтап жатыр. Тексеру жүріп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!