Фото: Ақтөбе ПД
Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауылы маңында екі көлік соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 9 мамыр күні болды. Самара-Шымкент автожолында ВАЗ автокөлігі мен бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлікте Ырғыз ауданының адамдары болса, жүк көлігін шетелдік жүргізген.
– Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!