15 жастағы футболшы Арон Мұса «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, – деп жазылған клуб хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!