Фото: видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қардың қарқынды еруі салдарынан Арқалықтың бірнеше ауданын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, 20 аула аумағы, соның ішінде 12 тұрғын үй су астында қалды. Төтенше жағдай Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде болған.

Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстары жүргізуде, – делінген ведомствоның хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!