Фото: egemen.kz

Астанада А.Байтұрсынов көшесінде 16 көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Апаттың негізгі себебі – жүргізушілердің жол және ауа райы жағдайлары мен мұзды ескермеуі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға қатысты материалдар Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!