Фото: http://ukropnews24.com
Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен. Оның көз жұмғанын денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Azattyq Rýhy -на сілтеме жасап.
«Биыл 23 шілдеде А. Бектұров, 3 мекен-жайы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. ЖМК бригадасының келуімен үйдің ауласынан қыздың мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жоғарғы қабаттардан құлаған. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», – деп хабарлайды Астана денсаулық сақтау басқармасы.
Көп балалы әйелдің құлағанын осыған дейін Астана қаласының полиция департаменті растаған болатын.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!