Фото: Видеодан кадр

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz..

Құтқарушылар келіп жеткенде, тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабын өртеніп жатқанын анықтаған.

“Нақтыланған мәлімет бойынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3  ранг бойынша жұмыс істеуде. 16 бірлік техника мен  72 адам жұмылдырылған. Ғимаратта әкімшілік және ішінара тұрғын үй кешені орналасқан. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!