Фото: ашық дереккөзден
26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 бала Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылғы ұл балдар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткендігі анықталды.
«Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18: 25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды. Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасатын болады», – делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!