Атырауда өртеніп жатқан үйден 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сілтеп.

«20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмектесті. Полиция 10 минут ішінде көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады», – делінген сенбі күні таратқан хабарда.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары құлыптаулы тұрған пәтерлердің бірінің есігін бұзып, ішінен екі қарт адамды қауіпсіз жерге шығарған.

Зардап шеккендер жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!