Атырау облысында бала ұстаған жасөспірімнің оқиғасынан кейін Құлсары қаласындағы А. С. Пушкин атындағы №6 мектептің директоры қызметінен босатылды. Оқиғаға байланысты жүргізілген қызметтік тексеру аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік білім басқармасы 5 ақпанда білім беру мекемесінің басшысына қатаң сөгіс жарияланғанын хабарлады. Ал келесі күні директор өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазып, ол өтініш бірден қанағаттандырылды.

“Кадрлық шешім қабылдауға мектеп ғимаратында болған оқиға негіз болды. 10-сыныпта оқитын 15 жастағы оқушы қатарластарымен жанжалдасып, кейін оларға шабуыл жасап, оқу орнының аумағынан өз бетінше кетіп қалған”, – дейді білім басқармасындағылар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!