Фото: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі
KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
17 наурыз сағат 00:00–дегі жағдай бойынша бірқатар өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі сейілмегеніне байланысты ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол уақытша жабылды.
1. Өскемен — Алтай-Үлкен Нарын-Қатон — Қарағай-Рахман қайнарлары — Ушановсое ауылы — Алтай қ. (барлық көлік түрлері үшін)
Қарағанды облысында қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, желдің ұйытқуына байланысты жалпы ұзындығы 638 шақырымды құрайтын 3 автожолда қозғалыс шектелді.
1. «Қызылорда — Павлодар» Қарағанды қ. — Павлодар обл. шекарасы (Барлық көлік түрлері үшін) Ұлытау обл. шекарасы — Топар а. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін)
2. «Екатерибург — Алматы» Новостройка а. — Ақсу-Аюлы а.
3. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» — Қарағанды қ. — Қарқаралы қ. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін)
Павлодар облысында — жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда — Павлодар» — Қарағанды обл. шекарасы — Шідерту ауылы. (Барлық көлік түрлері үшін)
Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда — Павлодар» — Жаңаарқа а. — Қарағанды обл. шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!