Әзербайжанның Хиндарх ауылында жарылыстан бір отбасының бес мүшесі қаза болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Trend.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға кішкентай баланың қоқыстан граната тауып алып, оны үйіне әкелгеннен кейін болған.
Ол оны басқа отбасы мүшелеріне бергеннен кейін жарылғыш зат іске қосылып кетіп, бір отбасының бес мүшесі қаза тауып, тағы екі адам жараланды, деп хабарлады аудандық прокуратура. Оның үшеуі – бала.
Әзербайжанның бас прокуратурасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!