Sputnik. Самара-Шымкент тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты.
Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысында болған жол апаты туралы ақпарат шықты. Кейінірек облыстық полиция апатқа қатысты түсініктеме берді.
25 мамыр күні сағат 16:50-де «Toyota Camry 60» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан көлік қарсы келе жатқан Toyota Camry 40 көлігімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан Toyota Camry 60 көлігінің жолаушысы мен Toyota Camry 40 көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көліктердің жүргізушілері мен Toyota Camry 40 көлігінің екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!