Батыс Қазақстан облысында ірі жол апаты болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды «Адырна«.

Ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 17 қараша күні Чапай Жанқала–Сайқын трассасында, Қызылобаға жақын маңда болған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, трассада Toyota Camry мен Volkswagen Sharan соқтығысып, салдарынан көліктердің бірі өртеніп кеткен.

Оқиға орнында 8 адам қаза тауып, 4 адам жараланып адам ауруханаға жеткізілген.

Апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!