Фото: elements.envato.com
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыстық прокуратура жасөспірімдердің өзіне салып қайтыс болғаны туралы желіде тараған ақпаратты растады.
Қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды.
Байзақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», – делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!