Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі рөлді басқарып келе жатып ұйықтап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Апат салдарынан автомобиль қарсы бағытқа шығып кетіп, ауыр жүк тиелген КамАЗ-бен қақтығысқан. Қатты соққыдан екеуі де өртке ораныпты. Жеңіл көлікте ерлі-зайыпты мен олардың екі жасар баласы отырған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөлік өртенді. ВАЗ 21-де 10-да жүргізуші мен екі жолаушы – көлік тізгіндеген азамат, 27 жастағы келіншек пен екі жасар сәби болған. Барлығы оқиға орнында көз жұмды»,-деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Эльмира Испандиярова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!