KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомед Ахриев Көкшетау-Шучинск жолында 95 көлік соғылған ірі апат туралы пікір білдірді.

Бұл оқиға туралы айтсақ, біздің мәліметіміз бойынша апатқа көлік тізбегіне ілескендердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болғанын ғана айта аламын. Яғни, біздің жол-көлік оқиғасының себебін анықтайтын өкілетіміз жоқ. Іші істер органдары қазір тергеу жүргізіп, апат себептерін анықтап жатыр, – деді ТЖМ өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!