Фото: Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Sputnik. Қарағанды ​​және Павлодар облыстарындағы дала өрті 3 мың гектар аумаққа шарпыды. Төрт адамды күйік шалды.

Өрт Қарағанды ​​облысы Қоянды ауылының маңынан шықты – онда құрғақ шөп өртенген.

Өртті сөндіру кезінде үш өрт сөндіруші мен бір ауыл тұрғынын күйік шалды, олар Қарағандыға тікұшақпен жеткізілді.

Күндізгі уақытта өрт Баянауыл ұлттық паркінің аумағына өткен.Желтау ауылының тұрғындары – 18 адам, оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды.

Өрт орнында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов жүр. 56 бірлік техника мен 4 тікұшақ жұмылдырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!