Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Украинадағы Донецк облысында болған қарулы қақтығыс кезінде қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Устинка Live»-қа сілтеп.

Қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, аталған азаматтар 2024 жылы Ресейге кеткен, кейін Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқан. Соның нәтижесінде жарақат алып, Донецк облысында көз жұмған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өлімге жарылыс пен снарядтың жарықшақтарынан болған ауыр қан кету себеп болған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы («Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша қозғалған қылмыстық іс фигуранттардың қаза табуына байланысты тоқтатылды.

ҚР СІМ бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасамады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!