Фото: kereksoyle Telegram арнасынан
Екібастұзда 24 қызметкері бар автобус жол жиегінен ұшып аударылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Деректерге сай, қызметкерлер аман қалған.
«Екібастұз қаласында ЖШС-нің бірінің аумағында жүргізуші ПАЗ автобусын жүргізу кезінде, рульді басқара алмай, кюветке жол жиегіне шығып кеткен. Автобус салонында 24 қызметкер болды», – деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 жәбірленуші көмек сұраған. Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы ауыр емес.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!