Фото: видеодан кадр

Ертіс өзенінде ШҚО ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 11 жастағы балалар су қоймасының жанында ойнап, мұзға үстіне шыққан. Нәтижесінде мұз бөлініп, жағадан 3 метрге жүзіп кеткен.

Құтқарушылар Смағұлов Шыңғыс пен Тұрғанов Ринат хабарлама алып, дереу көмекке аттанды. Оқиға орнында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, құтқару арқаны арқылы жағаға аман-есен жеткізді. Балаларға медициналық көмек қажет болмады, – делінген хабарламада.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға және мұздағы барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!