Фото: Tengrinews.kz

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі бүгін қайтыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер сегіз науқастың алтауының жағдайын өте ауыр деп отыр.

«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, Қарағанды ​​ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшыны аман алып қала алмады. 1993 жылы туған, денесінің 85 пайызы күйіп қалған, осы уақытқа дейін өте ауыр жағдайда болған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!