Фото: http://www.instagram.com/podslushano.de/

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды.

«Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!