Ақтаудан түнгі рейспен Грузияға аттанған жігіт жолға шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Lider.kz іздеу-құтқару еріктілері 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздеп жатыр. Туыстары онымен 18 тамызда байланысын жоғалтқан.
«Ол әуежайдан Тбилисиге түнгі рейспен ұшып шыққан. Шекарадан өткені анықталғанымен, одан кейін хабарсыз кеткен», – деп жазылған хабарламада.
Жақындары мен туыстары көпшіліктен көмек сұрайды. Данияр Жақсылықтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден +7 (700) 499-7292 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу сұралады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!